
Қорғаныс министрлігінің штаттық құрылымының өзгеруіне, орталықсыздандыру, құжат айналымын азайту, кіші сержант және қатардағы құрамдарға әскери атақтарды өз орындарында беру туралы шешімдерді қабылдау мақсатында Қорғаныс министрінің келесі бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
-«Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
-«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 460 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
- «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери- геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
Бұйрықтың толық мәтінімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы құжаттар бөлімінде, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5139696.