Оқу модульдері тиімді көшбасшы моделін құрайды

Оқу модульдері тиімді көшбасшы моделін құрайды

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердің жеке құрамымен жұмыс істеу үшін теориялық білім мен тәжірибелік тапсырмалардың бірегей қосындысы болып табылатын жаңа оқу құралын ұсынды.

Оқу құралы әскери қызметшілердің жалпы және құқықтық мәдениетін арттыруға, патриотизмді тәрбиелеуге және рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған кешенді оқу платформасы. Әскери қызметшінің заманауи келбеті, оның қасиеттері мен өмірлік бағдарлары туралы түсінік береді.

Оқу модульдері Қарулы Күштер тіршілігінің барлық аспектілерін қамтиды. Олардың ерекшелігі – әскери қызметшілердің санаттарын, сондай-ақ әскер түрлері мен тектерінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

Материалдарға бір көз жүгіртудің өзі қызығушылық тудырады. Кейстерді жасаушылар талқылауға ұсынылған тақырыптарды, қабылдауды жақсартатын психологиялық аспектілерді ескерді. Сонымен қатар, оларды өз ойынан шыққан әңгімелер түрінде орындады. Бұл ретте «қаhармандардың» тілдік жеткізулері қарапайым болып табылады. Шындықтың әсері әскери ортаға тән сөздерді де жасайды. Бұл дегеніміз сол жағдайларды өзіне байқап көруге де мүмкіндік береді.

«Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету» оқу модулі әртүрлі қару-жарақ, техника мен жабдықтарды қолдану кезінде нұсқаулықтарды қатаң сақтауға үйретеді. Тақырыпты дамыту бойынша «қаруды қолдану» кейсі жасалды.

Талдау кезінде әскери қызметшілер нұсқама өткізуге, қаруды тазалау орнының жабдықталуына, штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритміне байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі зерттейді. Осы ережелерді сақтау мен игеру жарақаттануды азайтуға және әскери емес шығындарды азайтуға көмектеседі.

Қаржылық сауаттылық негіздеріне арналған модуль шығындарды жоспарлауды үйретеді. «Тілектер пирамидасы» және «несие тарихы» кейстерінде ірі қаражаттарға және басқа да шығындарға байланысты өмірлік жағдайлар айқын суреттелген.

«Әскери философия негіздері әскери қызметшілердің құндылық бағдарында» төрт тақырып ұсынылған. Олар патриотизм, отбасылық құндылықтар, достық және қарым-қатынас, өмір мен денсаулық, әскери қызметшінің жеке және кәсіби қасиеттерінен тұрады. Әскери бөлімдегі моральдық-психологиялық атмосфера көбінесе оның моральдық көзқарастарына байланысты. «Бопсалау» ситуациялық жағдайы жеке деформациялардың зияны мен салдарын көруге мүмкіндік береді.     

Бұл тақырыпты талдау кезінде қызметтік жағдайды пайдакүнемдік мақсатта пайдалану мысалдары келтірілген. Қарапайым психология, қосымша жұмыстан босату, құқық бұзушылықты жасыру, жоғарылату, сыйлықақы алу үшін ақы төлеу мәселелері келтірілген. Іс жүзінде қызметтегі мұндай «мәмілелер» әскери атақтан айырумен, айыппұлмен және тіпті нақты мерзіммен аяқталады. Бұл жағдай осындай көріністерге иммунитетті қалыптастырып, күмәнді ұсыныстарға дұрыс жауап беруге және жалған кінәні жеңуге үйретеді.

 «Әскери ұжымды басқару және көшбасшылық» модулі негізінде Қарулы Күштер бөлімшелерінде «Бол. Біл. Әрекет ет» негізінде көшбасшылық қасиеттерге мән беріледі. Нағыз көшбасшы әскери ұжымның жұмысына нақты үлес қосады, сондай –ақ, өкілеттікті дұрыс табыстап, жауапкершілікті бөледі.

Әскери қызметшілер үшін көшбасшылыққа үлгі тұлағалар Ұлы Отан соғысының батырлары, даңқты қолбасшылар Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Сабыр Рахимов мысал бола алады.

«Көшбасшылық» кейсі нақты көшбасшының қандай қасиеттерге ие болуы керек екендігі туралы түсінік береді. Жалған және дұрыс көшбасшының арасындағы айырмашылық олардың ұстанымында көрінеді. Жалған көшбасшы бағыныштының еңбегінің нәтижелерін айыптайды, көрсетеді және қорқытады. Нағыз көшбасшы ұжымдық принциптерді түзетіп, қолдау көрсетеді.

Кейстерде әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа, билікті асыра пайдалануға, діни экстремизмге, ұрлыққа және басқа да теріс қылықтарға байланысты істерді де қарайды.

Сонымен қатар, олар оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттерін талдап, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Оқу модульдері мен ситуациялық кейстер бойынша сабақтар барлық өңірлік қолбасшылықтардың, әскери басқармалардың, бағынысты бөлімдер мен бөлімшелердің жұмыс жоспарына енгізілген.