
ҚР Қорғаныс министрінің келесі бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, атап айтқанда:
1) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
3) «Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығы;
4) «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы;
5) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығы;
6) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығы;
7) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оку орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 41 бұйрығы;
8) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығы;
9) Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығы;
10) «Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығы;
11) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығы.
Аталған өзгерістер мен толықтырулар қорғаныс ведомствосына қарасты жоғары оқу орындарының білім беру сапасын арттыруға бағытталған.