Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің әскери нышандары бекітіледі

Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің әскери нышандары бекітіледі

Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің әскери нышандарын, соңдай-ақ оларды әзірлеу, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери нышандарының қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді.

Құжат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын әзірлеу, орналастыру, пайдалану, жөндеу, ауыстыру және жою тәртібі регламенттейді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4458815.