Қарулы Күштердің монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтері туралы бұйрыққа

Қарулы Күштердің монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтері туралы бұйрыққа

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы  14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

 Қолданыстағы бұйрықтың 11-тармағы келесі мағынада: «МКК-ры жұмыскерлері еңбек және демалыс режимін, белгіленген күн тәртібін және барлық міндетті жұмыстарды регламенттеуді күннің бірінші жартысында, қызметкердің тұрақты жұмыс қабілеті жоғары болған кезде орындауы тиіс» деп мазмұндалған. Жаңа редакцияда «орындауы тиіс» сөз тіркесі «орындайдыға» өзгертілді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5095193.