Әскери саладағы халықаралық ынтымақтастық жетілдіріледі

Әскери саладағы халықаралық ынтымақтастық жетілдіріледі

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Жаңа шарт жобасы 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың орнына әзірленген.

Құжат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастықты өзектендіру мен дамытуға бағытталған.

Шарт жобасы әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде мақсаттарды, қағидаттарды, бағыттар мен нысандарды, сондай-ақ өзара әрекеттесу механизмін көздейді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4913660.