Қарулы Күштердің әскери нышандарын әзірлеу және пайдалану қағидалары енгізіледі

Қарулы Күштердің әскери нышандарын әзірлеу және пайдалану қағидалары енгізіледі

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын әзірлеу, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасымен келесі тәртіп нақтыланады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын әзірлеу, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің теңіз-әскери нышандарын әзірлеу, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.