
Қорғаныс ведомствосымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі № 3068 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы» Жарлығының қолданыстағы басылымы 1996 жылдан бастап Қарулы Күштер құрылымындағы орын алған өзгерістерді қамтымағандығына байланысты құжаттың кейбір ережелері ескірген болып табылады.
Жарлық жобасын қабылдау Қарулы Күштер мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің әскери нышандарын, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілерінің кейбір ережелерін, сондай-ақ басқа да белгілерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5082968