Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады

Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады

«Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында еліміздің әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық жасады.

 Экипаждар әскери кемелер мақсатына сәйкес тапсырмаларды шешетін жүзу аймағын зерттеді.

Теңізшілер корабльдік жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сонымен қатар, әуе және су үсті нысаналарына оқ жаудырды.

 «Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті жиын-жорықтың жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.

Оның айтуынша, кемелер экипаждары қойылған міндеттерді толық көлемде орындады. Науқан алдында кемелерді мұқият тексеріліп  дайындалған. Бұған дейін Қазақстан ӘТК кемелері ағымдағы жылдың маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын.

Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына  дейін Қазақстанның Әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.