
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларының 4-тармақтың 2) тармақшасы мен 5-тармақтың 3-тармақшасына «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының» №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қатысты өзгерістер енгізілді.
7-тармақ әуе кемелерін Тізілімге тіркеуден бас тарту үшін негіз осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттар тізімін толық ұсынбау болып табылады деп толықтырылды.