Авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізіледі

Авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізіледі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйегі № 770  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізеді.

 ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 24-тармақшасына сәйкес әзірленді.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі авиацияның басқару органы ретінде Авиациялық қызмет болды. Бұйрық жобасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің» атауы «Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі» деп өзгертілген.