Қарулы Күштердің арсеналдары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары өзгертіледі

Қарулы Күштердің арсеналдары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары өзгертіледі

ҚР Қорғаныс министрлігімен «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасын егжей-тегжейлі қарастырылды.

Аталған Үкімет қаулысы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғанысы туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 22-бабы 2тармағы 22- тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдау Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және аудандарды белгілеу қағидаларын регламенттейді.

Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.