Қарулы Күштердің арнайы бөлімшелері оқу полигондарына шықты

Қарулы Күштердің арнайы бөлімшелері оқу полигондарына шықты

Еліміздің барлық өңірлерінде «Алтын Жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі өтуде.

Іс-шара Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен ұйымдастырылды.

Дабыл бойынша көтерілген бөлімдер мен бөлімшелер оқу алаңдары мен полигондарға шықты. Кешенді тексеру барысында бір ай ішінде күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелері пысықталады. Сондай-ақ арнайы оқу-жауынгерлік міндеттер де орындалмақ.

Армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау мен артиллерия атысын түзетуге, тәулік бойы армиялық авиацияны жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.