
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Бұйрық «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкіметтің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысын іске асыру үшін әзірленді.
Онда ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындау көзделген.
Оны қабылдау нормативтік құжаттар базасын құруды, жұмыстың осы бағытын бірыңғай ұстанымдар мен түсінуді қамтамасыз етеді.