Қарулы Күштерден жұмыстан шығарылғандарды әлеуметтік бейімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қарулы Күштерден жұмыстан шығарылғандарды әлеуметтік бейімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен босатылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен босатылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалардан 9-тармақ алып тасталды. Ал, 10-тармақ мынадай редакцияда жазылған: «әлеуметтік бейімдеуге жататын адамды әскери басқарманың кадр органдары әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету құқығы туралы, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатында босатылғанға дейін 4 ай бұрын жазбаша хабардар етеді».

Өзгерістер 16 тармаққа да қатысты болды. Жаңа редакцияда: «комиссия тоқсанына бір рет әлеуметтік бейімделуге жататын адамдармен әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде психологиялық қолдау және медициналық сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді» делінген.