Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізілмек

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізілмек

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленетін болады.

2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығының күші жойылған сілтемесін қамтиды.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру және мағыналық жүктемесі жоқ ескертпені алып тастау үшін бұйрықтың жаңа жобасы енгізілетін болады.