Оқ-дәрілерді сақтау нысандарын жабдықтау нормалары нақтыланады

Оқ-дәрілерді сақтау нысандарын жабдықтау нормалары нақтыланады

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілер сақтау нысандарының қондырғылар және бақылау-тексеру машиналармен оқ-дәрілерді техникалық бақылау бойынша жабдықтау нормасын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау ҚР Қарулы Күштердің оқ-дәрілер сақтау нысандарының қондырғыларымен және бақылау-тексеру машиналармен оқ-дәрілерді техникалық бақылау бойынша жабдықтау нормасын анықтайды.

Атап айтқанда, құжат келесілерді реттейді:

- оқ-дәрілер сақтау нысандарының қондырғылармен жабдықтау нормасы;

- бақылау-тексеру машиналармен жабдықтау нормасы.   

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.