
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 356 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беруге пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.
Қағида Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын айқындайды.
Бұйрықтағы өзгерістер қызметтік куәліктерді «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңымен бекітілген әскери полиция органдарының эмблемасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.