
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің механизацияланған құралдары, ағаш өңдеу станоктары және шығыс материалдарының жабдықтау нормасын бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Бұйрықтың жаңа редакциясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің механизацияланған құралдары, ағаш өңдеу станоктары және шығыс материалдарының жабдықтау нормасын нақтылайды.
Атап айтқанда, бұйрық жобасында жабдықтау тәртібі регламенттелген:
-оқ-дәрілер сақтау объектілерінің механизацияланған құралдары;
-ағаш өңдеу станоктары және шығын материалдарының жабықтауы;
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында танысуға болады.