
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Құжаттың жаңа редакциясында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен қамтамасыз ету мәселелері ретке келтірілді.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықты қабылдау құрылымдық бөлімдердің сапалы жұмыстары үшін қажетті аспаптар мен құрал-жабдықтармен дер кезінде қамтамасыз етуін арттыра түседі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында танысуға болады.