
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемелерін белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер әзірленді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек көрсетудің жаңа жүйесі іске қосылған. Ол Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге кепілдік береді.
Осыған байланысты, емделгенде қосымша қаржылық шығындарды талап ететін материалдық көмекке қатысты жоғарыда көрсетілген бұйрыққа өзгерістер әзірленді.