Логотип

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жадынама

Осы жадынама жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың ұғымдарын, сыбайлас жемқорлық көрініс пайда болған кездегі әрекет ету тәртібін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге көмектескені үшін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында әзірленген.

Жадынама бірінші кезекте бәріне бағытталған, кімдер:

  • пара алуды намыссыз, масқара қылмыс деп танитындар;
  • алаяқтың және аферистің көмекшісі болмайтындар;
  • әп-сәтте өзінің мүддесінен бас тартып, парақорлардың өршіп кетуіне жол бермейтіндер;
  • өзінің мемлекетін жемқорлардың және ұрылардың озбырлығынан еріксіз көретіндер.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметіне одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы бойынша мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелді.   

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ресми талқылауына сәйкес сыбайлас жемқорлық былай мазмұндалады:

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

 

Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден параны қорқытып алса!

Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:

- пара алу (366-бап);

- пара беру (367-бап);

- парақорлыққа делдал болу (368-бап).

Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады.

Парақорлыққа делдал болуы да мүмкін.

Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.

Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.

Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.

 

ПАРА БОЛУЫ МҮМКІН

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, құнды металлдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер,азық-түліктер, бейнетехника және басқа да заттар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүліктер.

Қызмет көрсету және пайда – ем қабылдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және туристік жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегін немесе кемітілген бағамен беру.

Жасырын (бүркемеленген) пара түрі – банктік көмек несиесін қарызға алу немесе жоқ несиені өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңіл несие алу, дәріс беру, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңілдету, несие мөлшерінің пайызын көбейту және т.с.с.

Өздігінен пара алуды жүзеге асыру түрлері ол қызметі бойынша жалпы қамқорлыққа және қылмысқа жол беру.

Жалпы қамқорлық және қылмысқа жол беру мемлекеттік қызметке үйлеспейтін әрекет, яғни азаматтардың өзінің қабілеттілігі және кәсіби даярлығы бойынша мемлекеттік қызметке түсуге және мемлекеттік қызметте жоғарлауына құқылы.

Жалпы қамқорлыққа жөнсіз марапаттау, негізсіз кезексіз лауазымын жоғарлату, қажет етпейтін басқа да іс әрекеттеріне байланысты көтермелеулер жатады.

Қылмысқа жол беруге, мысалы, лауазымды адамның тиісті шаралар қабылдамауы немесе пара алушының немесе оның қарамағындағы адамдардың қызметіне, оның заңсыз әрекеттеріне шаралар қабылдамауы жатады. 

Жалпы қамқорлығы және қылмысқа жол беруі бойынша пара алу келесі жағдайда болады:

  • пара алушыда пара берушінің пайдасына жасаған немесе жасамаған әрекет (әрекетсіздік) мүмкіндігі сақталады;
  • бұл мүмкіндік бақылаудың жоқтығынан немесе сол адамдардың арасындағы бағыныстылықтан пайда болады;
  • екі адамда берілетін сыйды түсінуі қажет (сый түріндегі пара лауазымды адамның мінез-құлқына сәйкес беріледі).

 

ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ КІМ ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН?

Пара алушыға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдары (әрі қарай – лауазымды адамдар) жатады.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам.

 

ПАРА ҮШІН ЖАЗА

Пара алу (366-бап):

Лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 60 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Параның айтарлықтай мөлшері болып 50-ден 3000 АЕК дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немес мүлікті сипаттағы пайданың құны табылады.

Егер осы әрекеттер, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 70 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Параның iрi мөлшері болып 3000-нан асастын 10 000 АЕК дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны табылады.

Егер осы әрекеттерді, қылмыстық топ жасаса, сол сияқтыаса ірі мөлшерде жасалса - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 80 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Параның аса iрi мөлшері болып 10 000 АЕК асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны табылады.  

Егер сыйлықтың құны 2 АЕК аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртiппен қудаланады.

Пара беру (367-бап):

Лауазымды адамның жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер ол әрекеттер адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 40 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы әрекеттер аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Лауазымды адам бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны 2 АЕК аспайтын сыйлықты бiрiншi рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Парақорлыққа делдал болу (368-бап):

Парақорлыққа делдал болу – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 10 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бiрнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыс болып саналады және 3 жылдан 7 жылға дейін дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады (419-бап).

Пара тікелей берілуі мүмкін («егер мәселе біздің пайдаға шешілетін болса, онда ..... аласыз»), сондай-ақ жанама болуы мүмкін.

 

ПАРА ҰСЫНУДЫҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ

  1. Пара алуы мүмкін туралы әңгіме астарлы сипатта болады, пара беруші туралы сөз бір жақты пікір, ашық айтып көрсетілмейтін арыз, даулы мәселелерді дұрыс шешу кезінде ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді.
  2. Әңгімелесу барысында куәгерлер немесе аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді.
  3. Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға көрсету.
  4. Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мағлұматтар салынған папканы, конвертті, портфелды, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден (жайдан) шығып кетуі.
  5. Пара беруші өзіне тікелей байланысты емес мәселелерді дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына жүгінуі мүмкін.

 

ПАРА ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ЖАҒДАЙЫ КЕЗІНДЕГІ СІЗДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІҢІЗ

  • өзін өте мұқият ұстау, сыпайы, жағымпазданбай, аңғырт пікірлерге жол бермей, пара беруші (параны қорқытып алушы) оны пара алуға дайын екендігі туралы ұғынбауға жол бермеу немесе пара алудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту;
  • Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, айнытпай есте сақтауға (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, мерзімі және параны беру тәсілі, комерциялық сатып алу түрі, мәселені жүйелі шешу);
  • пара беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысу және келесі кездесуге Сізге жақсы таныс жерді ұсыныңыз;
  • әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбінесе «тыңдаңыз», ықтимал пара алушыны (пара берушіні) «сөйлетіңіз», Сізге көп мағлұматтарды айтқызуға тырысыңыз;
  • егер Сізде жаз құралы диктафон болған жағдайда пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (білдіртпей) жазып алыңыз.

 

ПАРАНЫ ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ФАКТІСІ БОЛҒАННАН КЕЙІН СІЗ ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНУЫҢЫЗ ҚАЖЕТ?

  1. Аталған факті туралы гарнизонның әскери полиция органдарына, жергілікті әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, әскери-тергеу органдарына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарлаңыз.
  2. Жергілікті билік органдары өкілдері (әкімшілік аппараты), құқық қорғау және арнайы орган және мемлекеттік мекемелер тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында, Сіз тікелей құқық қорғау қызметкерлеріне, немесе мемлекеттік мекемелердің немесе осы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметтік қауіпсіздік бөлімшелеріне олардың қызметкерлеріне қатысты арыздану.
  3. Құқық қорғау органдары басшыларына қабылдауына жазылып, онда Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу жөнінде арыздануыңызға болады.
  4. Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу фактісі жөнінде арызданып, онда нақты көрсетуге тиіссіз:

қай лауазымды адам (мекеменің атауын, лауазымын, аты жөнін, әкесінің аты жөнін тегін) Сізге пара ұсынғанын немесе қорқытып алғанын көрсетуге;

ұсынылған параның соммасын немесе қорқытып алу сипатын көрсетуге;

нақты қандай әрекетке (әрекетсіздікке) Сізден пара ұсынуы немесе қорқытып алуы туралы көрсетуге;

қай уақытта, қай жерде және қандай түрде тікелей  пара беру болатыны жөнінде көрсетуге;

одан әры-қарай құқық қорғау органының нұсқауына сәйкес әрекет етуге;

белгіленген тәртіппен жолдауға.

 

БҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ!

Қылмыстың жасалған орнына және уақытына қарамастан қылмыс туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Әскери полиция органдарының кезекші бөлімдері, әскери прокуратура органдарының қабылдау бөлмесі Сіздерді мұқият тыңдап ауызша немесе жазбаша түрде хабарлама алуға міндетті. Алайда Сіз хабарламаны қабылдаған қызметкердік тегіне, лауазымына және қызмет телефонына көңіл бөлуіңіз қажет.

Сіз өзіңіздің арызыңызды құқық қорғау органдарында тіркелгені туралы белгімен немесе талон-хабарламаның көшірмесін алуға құқылысыз, онда құқық қорғау органының мекенжайы, байланыс телефоны, хабарламаны қабылдаған қызметкер, оның қолы және қабылдаған күні туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сізден қабылданған хабарлама (арыз) құқық қорғау органдарында шұғыл түрде тіркеледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуальдық шаралар қолдау үшін жоғары тұрған басшылыққа баяндалады.

Құқық қорғау органынан Сіздің арызыңыз кімнің қарауына берілгені, қабылданып жатқан шаралар туралы және Сіздің құқықғыңыз бен мүддеңізге қатысты мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшін құрылымдық бөлім басшылығының қабылдауына кіруді талап ету құқығыңыз бар.

Әскери бөлімдерде және басқа әскери мекемелерде орын алған заң бұзушылықтар жөнінде хабарлауға немесе кеңес алуға болады. Сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік, еңбек, тұрғын-үй құқықығын бұзу және басқа бұзушылық фактілері жөнінде хабарлауға.

Егер Сізден пара беру хабарламасын (арызын) алудан бас тартса бұл заңсыз әрекетті жоғары тұрған органға шағым түсіруге, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті туралы жоғары тұрған органға шағымдануға, құқық қорғау органының және күштік құрылымдардың әрекеттеріне прокурорлық қадағалау жүргзіуге шағымдануға құқылысыз.

 

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) – 54 – 19 – 25, Call-center 72 – 15 – 11 .

Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz сайтында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы тарауы қызмет атқаруда, оның ішінде Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы бейне және фотоматериалдарды қоса ұсынумен орналастыруға болады.

 

ТАҒЫ ҚАНДАЙ ҚЫЛМЫСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖАТАДЫ?

Парақорлықтан басқа да келесі әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатады:

Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, егер лауазымды адам, өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (189-бап 3-бөлік 2-тармақ), –  мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Алаяқтық, яғни бөтеннiң мүлкiн жымқыру немесе алдау немесе сенiмдi терiс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену, лауазымды адам жасаған алаяқтық, егер ол өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (190-бап 3-бөлік 2-тармақ) - мүлкi тәркiленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мүлiктiк пайда алу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң iс жүзiнде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетiлмей, тауарлар тиеп-жөнелтiлмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттердi азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрiп жасауы, лауазымды адам жасаған iс-әрекет, егер ол өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (216-бап 2-бөлік 4-тармақ) – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлiмшесiне басшылық ету, лауазымды адам жасаған iс-әрекеттер, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (217-бап 3-бөлік 3-тармақ), – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құруға дем берушiлiк немесе оған немесе оның құрылымдық бөлiмшесiне басшылық ету туралы өз еркiмен мәлiмдеген, сондай-ақ оның қызметiн ашуға немесе жолын кесуге белсендi түрде ықпал еткен, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл iс-әрекеттер айтарлықтай мөлшерде жасалса, лауазымды адам жасаған iс-әрекеттер, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (218-бап, 3-бөлік 1-тармақ) – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Экономикалық контрабанда, яғни кедендiк бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалану арқылы жасалған не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен ұштасқан, iрi мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның iшiнде осы Кодекстiң 286-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, лауазымды адамдар жасаған iс-әрекеттер, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (234-бап 3-бөлік 1-тармақ) – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Рейдерлiк, яғни Жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшiрмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтiру жолымен заңды тұлғадағы қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның, лауазымды адам жасаған iс-әрекеттер, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса (249-бап 3-бөлік 2-тармақ), – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, яғни ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесi үшiн үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасында белгiленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткiзу не ойын бизнесi саласындағы қызметi лицензиясыз жүзеге асыру, лауазымды адам өзi немесе сенiм бiлдiрген адам арқылы заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан жасаған iс-әрекеттер, егер бұл iс-әрекеттер мұндай қызметте жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандағы жақтаушылығымен байланысты болса (307-бап 3-бөлік 3-тармақ), – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (364-бап), яғни лауазымды адамның кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзi немесе сенiм бiлдiрген адам арқылы қатысуы, егер бұл iс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 1 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 1 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Лауазымды адам жасаған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 4 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға не 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (365-бап), яғни дара кәсiпкердiң немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншiк нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiн шектеу, сол сияқты дара кәсiпкердiң немесе коммерциялық ұйымның дербестiгiн шектеу не қызметiне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл iс-әрекеттердi мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 2 000 дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Лауазымды адам жасаған дәл сол iс-әрекет, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, iрi мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 5 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дәл сол іс-әрекет жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған, аса iрi мөлшерде жасалған, қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топтың мүддесiне орай жасалған iс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызметтiк жалғандық жасау (369-бап), яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрiнеу жалған мәлiметтердi eнгiзуi не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл iс-әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 2 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер оны жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаса – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызметтегi әрекетсiздiк (370-бап), яғни лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 2 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 5 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Билiктi терiс пайдалану, бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы терiс пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса (450-бап), – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 4 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiнiң шегiнен анық шығатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы, ауыр зардаптарға әкеп соққан не, өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған дәл сол iс-әрекет (451-бап 2-бөлік 2-тармақ) – мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса (452-бап) – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, 4 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚАНДАЙ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖАТАДЫ?

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың келесі іс-әрекеттері енгізілді:

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса (676-бап), – 200 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса (677-бап), – 600 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi  болмаса (678-бап), – 750 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы (679-бап), – осы ұйымдардың басшыларына 600 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қолданбауы не көрсетілген шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұза отырып қолдануы не кiнәлi тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы (680-бап), – 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы (681-бап), – 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

КІРІСТІ РЕСМИ МӘЛІМДЕУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МІНДЕТТІ !

Сыбайлас жемқорлықты ескерту мақстында мемлекеттік кіріс органына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабында көрсетілген  қаржылық бақылау шаралары болып табылады.

Аталған талаптар мемлекеттік немесе оған теңестіріліген қызметті атқаратын адамдарға қатысты емесе, сондай-ақ олардың жұбайларынада қолданылады.

Аталған Заң талаптарынының орындалуын қадағалау мемлекеттік органдардың тиісті басшыларына жүктелген, оның ішінде әскери қызмет атқарушыларда көрсетілген.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияны толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 274-бабына сәйкес мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мазмұндалғандар негізінде әскери қызметшілер және олардың жұбайлары құзырлы органға мезгілінде, яғни жыл сайын 31 наурызына дейін өткен жылдың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру қажеттілігін естеріңізге саламыз.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері:

қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.   

 

МЕМЛЕКЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУМЕН  СЫЙЫСПАЙТЫН ҚЫЗМЕТТЕР?

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабына сәйкес лауазымды адамдарға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамдарға, теңестiрiлген адамдарға тыйым салынады:

1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу ҚР заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Осы талапты бұзғандар жұмыстан шығарылады немесе тиiстi функцияларды орындаудан босатылады.

Өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс алуға рұқсат берілген.

Лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.

Көрсетілген міндеттемелерді орындамауы әскери қызмет атқаруын тоқтату үшін негіз болып табылады. 

Акцияларды сатып алған жағдайда, ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.

 

ТАҒЫ ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары )ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.

Заңмен аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоюға мүмкіндік береді.

Егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

Егер мүдделер қақтығы болса лауазымдық міндеттерін атқаруыға тиым салынады - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

Олар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:

1) аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкер, тікелей басшысы не ұйымның басшылығы мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 504-бабының 6-тармағына сәйкес таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзушылық, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАТЫН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА НЕ ЖАТАДЫ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨЗДЕЛГЕН?

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады:

1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне құқыққа сыйымсыз араласуы;

2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандырумен байланысты мәселелердi шешу кезiнде пайдалануы;

3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

4) шешiмдерді дайындау мен қабылдау кезiнде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;

5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге тде қызметті жүзеге асыруда кiмге болмасын заңнамада көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

6) мемлекеттiк функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

7) ҚР заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктір беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;

8) ҚР заңнамасында жеке немесе заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі;

9) мемлекеттiк қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

10) ресми адамдардың лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, мүлiктiк пайда, игiлiктер не артықшылықтар алу үшiн аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруына ашық кедергi жасауы;

12) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;

13) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

14) мемлекеттік барлау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

15) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелділікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы; 

16) егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өздерінің  мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілген қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.

Мемлекеттік қызметшінің шотына осы адам білмей келіп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуінің мән-жайлары туралы түсініктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

 17) өздерінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тауелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдауы.

Мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы  тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиіс.

Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғарғы тұрған лауазымды адамның келісімімен оларды қордан тиісті жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттік қор республикалық бюджетке аударылды;

18) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен мемлекетшілік және шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:

жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебінен шақыру бойынша;

егер олармен алдағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтік іс-әрекеті мәселелерін қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келісімімен);

Қазақстан Республикасының  халықаралық шартарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын;

Жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшін ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын сапарлар, оның ішінде очындай ұйымдардың жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар, оның ішінде осындай ұйымдардың жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;

19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлікті сатып алуда заңнамада көзделген артықшылықтарды пайдалануы.

Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге міндетті.

  Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2), 7), 8), 10), 11), 12) және 15) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға әкеп соғады.

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4) және 5)тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғады.

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағынның 9), 13), 14), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.  

 

ҚЫЗМЕТ ЭТИКАСЫН САҚТАУ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСЫМДЫ ЖАҒДАЙЫ

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Мемлекеттiк қызметшiлер:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудыңашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өздерінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;

11) қызметтік тіртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрғылықты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға  тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратын, ұжымда  өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

  Мемлекеттiк қызметшi, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтар мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

 

 

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін  және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң  күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа  әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:

1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;

4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.   

Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:

1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер:

1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға;

2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға;

3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға;

4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметі мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асыра алады.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс

 

ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ …

Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітті (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1131 қаулысы ).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу беріледі.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 айлық есептік көрсеткіш;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 айлық есептік көрсеткіш;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 айлық есептік көрсеткіш.

Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызыболған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Адамды көтермелеу туралы материалдарды әскери полиция органдары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 19-бабының және 22-бабының 2-тармағында көрсетілген органдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде қалыптастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жібереді және мынадай:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтініші;
  • ақпаратты есепке алу кітабында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі жөніндегі адамның өтініші туралы арыздың, сондай-ақ ақпараттың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;
  • әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;
  • заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі;
  • сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының, заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.;
  • біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін адамның жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке немесе өзге шоттың банктік деректемелерінің көшірмелері.

Материалдар келіп түскеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы 5 жұмыс күн ішінде адамға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрықты шығарады.

Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.

Дата публикации
20 июля 2020
Дата обновления
20 июля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Ақпарат
28 сентября 2026
Тегін педагогикалық қайта даярлау өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығарылатын жататын әскери қызметшілердің тізімі
Ақпарат
24 июня 2026
Ақысыз педагогикалық қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығаруға жататын әскери қызметшілердің тізімі
Біз туралы БАҚ
11 мая 2026
"Қоғам үні" бағдарламасы 11.05.2026ж

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы