Логотип

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарларын жою жөніндегі өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- ҚР заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу;
- ҚР заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
- қаржылық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
- мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу;
- кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.

Қорғаныс ведомствосының Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған қызметі Ұлт жоспарына – 5 институционалдыреформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамамен, Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жөніндегі Регламентпен, Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға және басқа да басшылық құжаттармен қатаң сәйкес жүргізіледі.

генерал-майор Қ.Р. Көпбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы.

2020 жылғы 20 желтоқсанда лауазымға тағайындау үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚР Президентіне әскери атағынан және мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізе отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жазаға сотталды.

подполковник М.Қ. Хамзин, Семей АПБ бұрынғы бастығы.

капитан Д.Қ. Мұратов, Семей АПБ бастығының бұрынғы орынбасары.

2020 жылғы 10 желтоқсанда қабылдау актілеріне жедел және кедергісіз қол қою үшін 1 млн. 800 мың теңге мөлшерінде пара алғандары үшін М.Қ. Хамзин мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру, Д.Қ. Мұратов  мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жазаға сотталды.

Медицина қызметінің полковнигі А.М. Қолбаев, әскери госпитальдың бұрынғы бастығы.

2020 жылғы 21 желтоқсанда жұмысқа орналастыру үшін 1 млн. теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 11 млн. теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жазаға сотталды.

полковник М.А. Исмағұлов, Әскери өкілдіктер орталығы бағытының бұрынғы бастығы.

2020 жылғы 8 желтоқсанда қызмет бойынша орын ауыстыруда көмектесу үшін 2 млн. 863 мың теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 28 млн. 630 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жазаға сотталды.

аға лейтенант Е.Б. Жұмашев, взводтың бұрынғы командирі.

2020 жылғы 8 желтоқсанда қызмет бойынша орын ауыстыруда көмектесу үшін әскери қызметшілердіе жалпы сомасы 2 млн. 863 мың теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан шектеу түрінде жазаға сотталды.

майор М.Д. Жамбырбаев, қызметтің бұрынғы бастығы.

2021 жылғы 24 ақпанда бағыныстыдан 127 788 теңге мөлшерінде жалған іссапар үшін ақшалай қаражат алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атағынан айыра отырып, 2 млн. 700 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жазаға сотталды.

кіші сержант Б.Ш. Мамбеков, әскери бөлімінің бұрынғы маманы (техник) жүргізушісі

2021 жылғы 25 ақпанда мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әскери атағынан өмір бойына айырылып, мүлікті ұрлағаны үшін 2 млн.теңге сома және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы беріліп сотталды.

майор Р.О. Массалимов, әскери бөлімі дивизионының бұрынғы командирі

2021 жылғы 22 ақпанда пара бергені үшін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әскери атағынан өмір бойына айырылып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы беріліп сотталды.

сержант А.А. Сағымбаев, әскери бөлімі дивизионы бөлімшесінің бұрынғы командирі

2021 жылғы 22 ақпанда пара бергені үшін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әскери атағынан өмір бойына айырылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы беріліп сотталды.

майор М. С. Мергенбаев, әскери бөлімінің байланыс батальонының бұрынғы командирі

2021 жылғы 17 наурызда 500 мың теңге сомасында мүлік ұрлағаны үшін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әскери атағынан өмір бойына айырылып, 10 млн.теңге мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы беріліп сотталды.

Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 сентября 2026
Тегін педагогикалық қайта даярлау өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығарылатын жататын әскери қызметшілердің тізімі
Ақпарат
24 июня 2026
Ақысыз педагогикалық қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген, Қарулы Күштер қатарынан шығаруға жататын әскери қызметшілердің тізімі
Біз туралы БАҚ
11 мая 2026
"Қоғам үні" бағдарламасы 11.05.2026ж

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы