Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор А.Д. Мұстабеков 2026 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекітті.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында заңнама саласы (кіші саласы) қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша тәртіп, құқық бұзушылықтарды тергеу және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жай-күйдің құқықтық мониторингі жүргізілді:
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы
5 қыркүйектегі № 753 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы
10 ақпандағы № 97 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы
5 мамырдағы № 195 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерін бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы
10 тамыздағы № 438 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы
28 қазандағы № 589 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы
5 қыркүйектегі № 753 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № 820 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 24 қазан № 1086 бұйрығы «Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі оқиғалар мен құқық бұзушылықтар кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттері әскери регламенті».
Жұмыс тобы:
- әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
- әскери міндеттілер – әскери есепте тұрған және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңында айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери лауазымдарға шақырылған ер азаматтар;
- курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында немесе шетелдік әскери оқу орнында оқитын, оны бітіргеннен кейін офицерлер құрамының бірінші әскери атағы берілетін әскери қызметші;
- азаматтық персоналдың адамдары (қызметкерлері) – мемлекеттік қызметте жүрген немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымының қызметкерлері – әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдары, сондай-ақ шаруашылық қызмет негізінде көлік құралдарын басқару және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша;
- тәрбиеленушілер – әскери даярлық жөніндегі қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында бірінші немесе екінші курста оқитын адам;
- кадет – техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында оқитын әскери қызметші;
- сарбаздар (матростар) – қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- сержанттар (старшиналар) – сержанттар құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- офицерлер – офицерлер құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- әскерге шақырылғанға дейінгі адамдар – әскери қызметке қабылданғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
- әскерге шақырылушылар – жергілікті әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
- әскери міндеттілер – әскери есепте тұрған және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- азаматтық персоналдың адамдары (қызметкерлері) – мемлекеттік қызметте жүрген немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мақсат
Әскери тәртіп деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтарды объективті және уақтылы тергеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі міндет
Әскери қызмет өткеру үшін қауіпсіз жағдайлар жасау және оларды қолдау.
Қызметкерлердің құқықтық мәдениет деңгейін және хабардарлығын арттыру.
Реттеу объектісі: әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Реттеу субъектісі: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері.