Қазақстан Республикасының қызметтердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен қызметі, әскери білім беру саласында заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізу туралы
ЕСЕП
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының (бұдан әрі – ҚМ) басшысы 2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекітті.
Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында ҚМ заңнама саласы (кіші саласы) қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша қызметтердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен қызметі, әскери білім беру саласында жай-күйдің құқықтық мониторингі жүргізілді:
- «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларын
бекіту» туралы 2005 жылғы 28 шілдедегі №787 Үкімет қаулысы;
- «Бейбітшілік орнату операциясына дайындық қағидаларын бекіту»
туралы 2016 жылғы 10 маусымдағыҮкімет қаулысы;
- «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы № 75 Үкімет қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) теңіз
дәліздерін және қозғалыс бөлу схемаларын белгілеу» туралы 2018 жылғы 2 наурыздағы № 97 Үкімет қаулысы;
- Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың тізбесін және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 9 Үкімет қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық жазатайым оқиғалар мен оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері
мен мекемелерінің қызметін техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін монша-жылытқыш комбинаттары қызметкерлерінің санының нормативтерін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаржы
қызметкерлерінің еңбек нормаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы №273 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен
мекемелерінің азаматтық персоналы, мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша еңбек өтілін есептеу және жұмысшыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жұмыс істегені үшін пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі №350 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі №399 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 423 бұйрығы;
- «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығы;
- «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығы;
- «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығы;
- «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанармай-майлау материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығы;
- «Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикалық ішкі тасымалдауға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығы;
- «Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігінде ішкі және халықаралық әуе маршруттарында мемлекет есебінен жүру құқығын беру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы №406 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде тамақтануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығы;
- «Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі №334 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 516 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 526 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қағидаларды бекіту» туралы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 304 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстар) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 916 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Әуе қатынасының мемлекеттік метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жаттығу және жаттығу жабдықтары) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 1050 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдени-демалыс орталықтарының әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 09.02.2022 № 744 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1168 бұйрығы (азық-түлік қызметінің техникасы);
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы №1017 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару
органдарына, құрамаларына, бөлімдеріне, әскери оқу орындарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сыныптық мамандарына арналған тігілетін белгілерге жататындығын білдіретін арнайы киім формасының, айырым белгілерінің және оған тігілетін айырым белгілерінің, салтанатты, күнделікті және далалық киім формасына арналған жең белгілерінің стилі мен бояуын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 414 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гидрометеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 1382 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қару-жарақ пен әскери техниканы қарусыздандыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 491 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киімдерін және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді кию қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жүргізу қағидаларын бекіту »туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы әскери оқу орындарында, орта білім беруді ұйымдастыруды қоспағанда, оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптамадан өткізу, аттестаттау, шығару және мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №34 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы әскери оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және олардың лауазымдарын толтыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығы;
- 39) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына ауыстыру және оларды қалпына келтіру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығы;
- «Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдарын толтыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 41 бұйрығы;
- «Қорға төсбелгісі мен Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін бекіту және енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 05 мамырдағы № 112 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін шетелдік әскери оқу орындарында оқыту үшін іріктеу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығы;
- «Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығы;
- «Запас офицерлері бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығы;
- «Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығы;
- «Қорғаныс зерттеулерін қаржыландыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №403 бұйрығы;
- «Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы №411 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан оқудан шығару қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери оқу орындарында, орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 273 бұйрығы.
Жұмыс тобы:
- әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
- әскери міндеттілер – әскери есепте тұрған және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңында айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери лауазымдарға шақырылған ер азаматтар;
- курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында немесе шетелдік әскери оқу орнында оқитын, оны бітіргеннен кейін офицерлер құрамының бірінші әскери атағы берілетін әскери қызметші;
- азаматтық персоналдың адамдары (қызметкерлері) – мемлекеттік қызметте жүрген немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымының қызметкерлері – әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдары, сондай-ақ шаруашылық қызмет негізінде көлік құралдарын басқару және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша;
- тәрбиеленушілер – әскери даярлық жөніндегі қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында бірінші немесе екінші курста оқитын адам;
- кадет – техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында оқитын әскери қызметші;
- сарбаздар (матростар) – қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- сержанттар (старшиналар) – сержанттар құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- офицерлер – офицерлер құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
- әскерге шақырылғанға дейінгі адамдар – әскери қызметке қабылданғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
- әскерге шақырылушылар – жергілікті әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
- әскери міндеттілер – әскери есепте тұрған және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- азаматтық персоналдың адамдары (қызметкерлері) – мемлекеттік қызметте жүрген немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мақсат
Қару-жарақпен, техникамен, мүлікпен, азық-түлікпен және жанар-
жағармай материалдарымен уақтылы және толық қамтамасыз ету.
Офицерлерді, сержанттарды және мамандарды қажетті біліммен және дағдылармен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі міндет
Әскерлерді үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Дайындық, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.
Реттеу объектісі: әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын сақтау процесі.
Реттеу субъектісі: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері.