«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 16 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов