«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 2025 жылы 25 сәуірдегі № 472 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралмен қамтамасыз етудің заттай нормасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 718 бұйрығы жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі

генерал-полковник                                                    Р. Жақсылықов


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралмен қамтамасыз етудің заттай нормасы
Дата публикации
16 июля 2025