Тұрғын үй саласындағы құқықтық мониторинг жүргізу туралы ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының (бұдан әрі – ҚМ) басшысы 2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекітті.
2025 жылдың 1-тоқсанына ҚМ заңнаманың саласы (кіші саласы) қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша тұрғын үй заңнамасы саласындағы жай күйіне құқықтық мониторинг жүргізілді:
1) «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысы (бұдан әрі – ҮҚ № 49);
2) «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысы (бұдан әрі – ҮҚ № 50).
Нысаналы топ:
1) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;
3) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары), сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) жатады.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мақсат
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне әлеуметтік жағдайлар жасау және құқық беру.
Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі міндет
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Заңнаманың саласын (кіші саласын) ретроспективті талдау
Соңғы бес жылда келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1. ҚР ҮҚ №№ 49 және 50:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 және «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 800 қаулысы.

Тұрғын үй саласындағы құқықтық мониторинг жүргізу туралы ЕСЕП
Дата публикации
26 июня 2025