«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 687 бұйрығы

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20742 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30965 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 765 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34820 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары
Дата публикации
25 июня 2025