БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
2.Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығарғанда пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және ұйымдар пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес:
1)ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне оң нәтижесі бар сынау актісінің/хаттамасының болуын;
2)мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпарат қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыс шартының болуын;
3)Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікті ақпарат қауіпсіздігі жедел орталығының (бұдан әрі – АҚЖО) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, АҚЖО-ның болуын және оның жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан АҚЖО-ның көрсетілетін қызметін сатып алуды;
4)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2)осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5.Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
6.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеткізсін.
7.Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
 
 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов
 
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев
 
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі
Дата публикации
29 мая 2025