2025 жылғы бірінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы есеп

1. Жалпы ереже
«Мемлекеттік қызметтер тізіліміне» сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бекітілген бұйрығымен Қорғаныс министрлігімен 19 түрлі мемлекеттік қызметтер (оның ішінде 16-сы электрондық фортатта көрсетіледі) және 35 кіші түрлері (барлығы көрсетудің электрондық форматына көшірілген) көрсетіледі. 19 мемлекеттік қызметтер ішінен 17 түрлі мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде, 2-і ақылы негізде көрсетіледі.
2025 жылғы бірінші тоқсан үшін Қорғаныс министрлігімен 41498 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Электрондық түрде 40948 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Есептік кезең үшін аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер мынадай қызметтер болып табылады, атап айтқанда:
1. «Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру» - 10779 (26 %) мемлекеттік қызметтер көрсетілген;
2. «Әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» - 7249 (17 %) мемлекеттік қызметтер көрсетілген;
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» - 3453 (8 %) мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар Қызмет алушылар мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің байланыстарын азайтуды қамтамасыз теу үшін, сонымен қатар азаматтардың қанағаттанарлық деңгейін жоғарылату мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық форматқа көшіру процедурасы бойынша жұмыс жалғасуда.
Сонымен бірінші тоқсанда әскери білім аясында мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетуге ауыстырылған, атап айтқанда:
1. «ҚР ҚМ әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттарды қабылдау»;
2. «ҚР ҚМ әскери оқу орындарына қайта оқуға түсу».
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша 2025 жылғы бірінші тоқсанда Қорғаныс министрлігімен 22 бақылау іс-шаралары өткізілген.
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

Дата публикации
23 мая 2025