БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер, әскери жиын кезеңінде әскери кафедра студенттері, әскери оқу орнына оқуға түсу кезінде әскерге шақырылушылар, оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және «Жас ұлан» республикалық мектептерінде казармалық жағдайда болатын кандидаттар, сондай-ақ резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі – жабдықталымдағы адамдар) үшін тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін мынадай жағдайда айқындайды:
1) әскери бөлім күшімен жабдықталымдағы адамдарға тамақ дайындау үшін азық-түлік өнімін жеткізу кезінде;
2) мемлекеттік сатып алу жолымен коммерциялық құрылым арқылы жабдықталымдағы адамдарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде;
3) жабдықталымдағы адамдар үшін жеке тамақтану рационын (бұдан әрі – ЖТР) беру кезінде;
4) жабдықталымдағы адамдар үшін тиесілі азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы беру кезінде.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бір әскери бөлімді (мекемені) басқа әскери бөлімге азық-түлікпен қамтамасыз етуге қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
1) осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының өкімін;
2) қабылдау күнін көрсетіп, бұйрықтан үзіндіні және азық-түлікпен қамтамасыз етуге қабылданатын әскери қызметшілердің тізімін;
3) келген күні азық-түлік қалдығы, азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкі туралы мәліметтерді көрсетіп, бөлу балансын ұсынады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Азық-түлікпен қамтамасыз етуден алу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының өкімі негізінде жүзеге асырылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Құраманы, әскери бөлімді немесе мекемені азық-түлікпен қамтамасыз етуден алғаннан кейін (кейіннен азық-түлікпен қамтамасыз етуге қоймай, қоныс аударуына байланысты) азық-түлік басқармасы:
1) келген құрамаға, әскери бөлімге немесе мекемеге дербес шот ашады;
2) әскери бөлімнің бөлу балансы бойынша құрамада, әскери бөлімде немесе мекемеде есепте тұрған азық-түлікті, азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкін есепке алу бойынша кіріске алады.»;
34, 35, 36, 37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Азық-түлікпен қамтамасыз етуге қабылдау үшін:
1) әскери бөлім (мекеме) командирінің бұйрығы;
2) әскери қызметшінің (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін) нұсқамасы, іссапар куәлігі немесе демалыс билеті негіз болып табылады.
Бұл жағдайда әскери-медициналық мекеме тиісті әскери бөлімнен (мекемеден) бұйрықтан үзіндіні талап етуге міндетті, ал соңғысы – бір тәулік ішінде оны әскери-медициналық мекемеге жібереді.
Сонымен қатар сұрау салуды алған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей оны жіберуге тиіс әскери бөлімнен бұйрықтан үзінді сұратылады.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Ұшақ пен тікұшақ экипажының жеке құрамы ұзақ қонусыз ұшуды орындаған кезде борттық үлеспен қамтамасыз етіледі. Авиациялық бөлім штабы үлестің қажетті санына өтінімдерді бөлімнің азық-түлік қызметіне ұшақ (тікұшақ) ұшқанға дейін 10 сағат бұрын береді.
Борттық үлесті экипаждың әрбір мүшесіне бөлек авиациялық-техникалық бөлім асханасы жиынтықтайды. Ұшақ экипажының мүшелеріне берілген борттық үлес бөлім бойынша бұйрықта көрсетіледі.
Борттық үлес салынған борттық сөмкелер мен ыстық шай құйылған термос әуеайлаққа авиациялық бөлім штабының өтінімінде көрсетілген сағатта жеткізіледі және әрбір ұшаққа (тікұшаққа) жүкқұжатқа қол қойғызып экипаж мүшелерінің біреуіне тапсырылады.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Ұшып өтетін ұшақ пен тікұшақ экипажының ұшқыш құрамы, сондай-ақ осы ұшақ пен тікұшаққа ілесіп ұшу үшін тартылатын инженерлік-техникалық құрам ұшу кезеңінде ұшу маршруты бойынша әскери әуеайлақта ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның асханасында ұшқыштар үлесі мен жалпыәскери үлес бойынша тегін тамақтануға талонмен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген талонды алған жеке құрам азық-түлікпен қамтамасыз етуден алынады.
Авиациялық бөлімдерге қызметтік іссапарға кеткенде штаб, басқарма мен орталық аппарат ұшқыш құрамының әскери қызметшілері ұшқыштар үлесі бойынша осындай тәртіппен тегін тамақтануға талонмен қамтамасыз етіледі.
Ұшып өтетін ұшақтың ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамы ұшу маршруты бойынша әскери әуеайлақта ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның асханасынан тамақты ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамды жабдықтау нормалары бойынша азық-түлікті таратуға қатаң сәйкестікте алады.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Әскери-емдеу мекемесінде науқастар олардың түскен уақытына байланысты:
сағат 8-ге дейін келгендер – таңғы асқа;
сағат 8-ден 13-ке дейін келгендер – түскі асқа;
сағат 13-тен 19-ға дейін келгендер – кешкі асқа тамақтандыруға қабылданады.
Шығару кезінде азық-түлікпен қамтамасыз етуден алу жергілікті жағдайға байланысты таңғы астан, түскі астан немесе кешкі астан кейін жүргізіледі.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Жүкті алатын немесе тапсыратын жерде қарауыл (команда) жеке құрамы осы әскери бөлімнің мерзімді қызмет әскери қызметшісіне тиесілі үлес бойынша жақын әскери бөлімнің асханасы арқылы тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Осы әскери бөлімдер қарауылды (команданы) жүру жолына жүкті тапсыру орнына дейін немесе жүкті тапсырғаннан кейін қайтып оралу кезінде азық-түлікпен (тамақтану рационымен) қамтамасыз етеді.».
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов