БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке (әскери жиынға), сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландырумен айқындалады. Медициналық куәландыру:
1) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына және әскери оқу орнына (бұдан әрі – ӘОО), сондай-ақ жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) оқуға түсетін азаматтарға;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға;
3) резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;
4) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
5) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адам);
6) ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;
7) ӘОО-да білім алатын азаматтарға (әскери қызметшілерге);
8) радиоактивтi заттармен, иондаушы сәулелендіру көзiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өріс, лазерлік сәулелендіру көзiмен қызмет ету үшін iрiктелетін және қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
9) мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналына;
10) әскери жиынға шақыру кезінде немесе есепке алу мақсатында запаста тұратын азаматтарға жүргізіледі.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде (басқармаларда) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) медициналық куәландыруға жіберер алдында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасы ресімделеді.
Медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азамат ҚІБ-ға (Б-ға) осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес медициналық құжаттарды береді.»;
мынадай мазмұндағы 76-1, 76-2, 76-3, 76-4 және 76-5-тармақтармен толықтырылсын:
«76-1. Резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру тәртібі, медициналық куәландыруға (тексерілуге) жіберу үшін қажетті құжаттар нысаны және оны ресімдеу тәртібі осы Қағидалардың 69, 70, 71 және 72-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
76-2. Талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды азаматтар резервтегі әскери қызметке кіруге жарамды деп танылады. Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылықты дербес бағалау көзделетін аурулар болған кезде «Әскери қызметке шектеулі жарамды» деген қорытынды шығарылады.
76-3. Резервтегі әскери қызметке кіретін және медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке жарамсыз, әскери қызметке шектеулі жарамды деп танылған азаматтарға қатысты жарамдылық санаты туралы қорытынды: «Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз» деген сөздермен толықтырылады.
76-4. Азамат тексерілуден бас тартқан кезде «Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз» деген қорытынды шығарылады, бұл ретте әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды.
76-5. Резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижесі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасына жазылады.»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Әскери қызметшілерді медициналық куәландыру»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды штаттан тыс (гарнизондық немесе госпитальдық) тұрақты әрекеттегі әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) жүргізеді. Медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді:
1) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), гарнизон бастығы, қорғаныс істері департаментінің (бұдан әрі – ҚІД) бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
2) офицер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілеріне қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), ҚІД бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты – әскери бөлім командирінен (мекеме бастығынан) бастап және одан жоғары лауазымдағы тікелей бастық, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
4) ӘОО-да білім алатын адамдарға қатысты – оқу орнының бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
5) резервтегі әскери адамдарға, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттілерге қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), ҚІД бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы шығарады.»;
мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:
«96-1. Резервтегі әскери адамда Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санатын дербес бағалау көзделетін ауру, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) болған кезде ӘДК «Әскери қызметке шектеулі жарамды», егер әскери қызметке уақытша жарамсыз болса, әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатылуға тиіс деп қорытынды шығарады.»;
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«153. Куәландырылатын адам туралы мәлімет, диагноз бен ӘДК (медициналық комиссия) қорытындысы ӘДК отырысының хаттама кітабына, сондай-ақ:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға – келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасына;
2) ӘОО-ға, жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) оқуға түсетін азаматтарға – әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасына, ал ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге – әскери қызметшінің медициналық кітапшасына да;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға, оның ішінде шет мемлекеттердің ӘОО-сына оқуға түсетін әскери қызметшілерге – медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
4) әскери қызметшілерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға, сондай-ақ әскери қызметшінің медициналық кітапшасына;
5) запаста тұратын азаматтарға – запаста тұратын азаматтың медициналық куәландыру картасына;
6) резервтегі әскери адамдарға, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттілерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
7) әскери қызметке шақырылған (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің оларды әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы болғанда), бірақ әскери бөлімге әлі жіберілмеген запастағы офицерлерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
8) стационарлық емделуде (тексерілуде) болатын адамдарға – ауру тарихына (стационарлық науқастың медициналық картасына) жазылады.»;
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«156. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттіні куәландыру кезінде ӘДК отырысының хаттама кітабына мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) мән-жайын растайтын құжатқа (нөмірі, күні, кім берді) сілтеме жасап, оның мән-жайы толық жазылады.»;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов