БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов