Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Оқуға түсетін адам әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не «ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжат топтамасын қоса тіркейді.»;
24-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қабылдау жылының 10 маусымына дейін жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына не «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген
2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жасайды.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қабылдау кезеңінде жалпы орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында орналастырылады, негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында заңды өкілдерінің рұқсатымен орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;
35-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжде оқитын адам үшінші оқу курсына ауысқан кезде өзі оқитын негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.»;
36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.»;
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Оқуға түсетін адам әскери институтқа оқуға түсу үшін осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын қабылдау комиссиясына ұсынады не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінім береді.»;
39-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Азаматтар әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы ЖОО басшысының атына өтінішпен жүгінеді.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.»;
41-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«41-1. Мерзімді әскери қызмет өткеретін (өткерген), әскери оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей не әскери қызмет өткеру кезеңінде және ол оқуға түскен жылы 24 (жиырма төрт) жасқа толмаса (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес), қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының, бөлім командирінің атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінішпен жүгінеді.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.»;
76-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген бас тарту үшін негіз анықталғанда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.»;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7, 7-1, 7-2-қосымшалармен толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
12-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматты оқуға қайта қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) азамат әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының атына немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өзі таңдаған ӘОО-ға қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді. Қайта қабылдау туралы өтінішке транскрипт қоса беріледі;»;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжатты ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні оның өтінішін қабылдаудан бас тартады, ал портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы беріледі, ал электрондық түрде көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2, 2-1, 2-2-қосымшалармен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
генерал-полковник |
|
Р. Жақсылықов |
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі