«Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің мәйiтін жеткізуге дайындаумен, мәйiтті жеткізумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің мәйітін жеткізуге дайындаумен, мәйітті жеткізумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде белгіленсін.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін, бірақ 2025 жылғы 19 мамырдан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының        Премьер-Министрі                                                          О. Бектенов

«Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте
Дата публикации
02 апреля 2025