Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14 және 16-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
- «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 337 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 22941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі