"1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің
80 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне,
батырлығы мен жанқиярлығына тағзым мен құрмет көрсетіп,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл»
    мерекелік медалі тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған:

1) «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

2) «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл
    еңбеккерлері және өзге де адамдар Қағидаларға сәйкес «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградталсын.
  2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
    енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                      Қ. Тоқаев

«1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары
Дата публикации
15 января 2025