"Қарулы Күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (азық-түлік қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2025 ж. 13 қаңтардағы №28 ҚР ҚМ бұйрығы ҚР ҚМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №  357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 281) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (азық-түлік қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу   қағидалары                              10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының  Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына  жіберуді;
  • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
  • мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың  2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне  жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 
  2. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі 

 

генерал-полковник                                                            Р. Жақсылықов

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (азық-түлік қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық
Дата публикации
15 января 2025