БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдардың мен ұйымдардың өзара іс- қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдардың мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
  2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.
  3. Пилоттық жобаға қатысатын, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін платформалар ұсынатын ұйымдарға:

1) «Smart Bridge»-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі ¾ ДДБ сервисі) қосылу;

2) пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес ДДБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз ету.

  1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының   3-2) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8 тармақтарына сәйкес интеграцияны қамтамасыз етсін:

         1)      ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалар;

         2)      мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шарттары;

         3)      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті Ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

         4)      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөніндегі шаралар қабылдау.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін  ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
  3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеткізсін.
  4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

генерал-полковник                                                   Р. Жақсылықов

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі                                           Ж. Мәдиев

Жобаға түсіндірме жазба «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдардың мен ұйымдардың өзара іс- қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлернің бірлескен бұйрығының жобасына
Дата публикации
15 января 2025