«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 440 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13453 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 ж.
16 шілдедегі № 135 (28270) «Егемен Қазақстан») мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің
интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар депаратменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі

генерал-лейтенант Н. Ермекбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
22 сентября 2020