Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу жӛніндегі әдістемелік ұсынымдар

Мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу шетелде кеңінен пайдаланылатын, бірақ Қазақстан Республикасында тиісті дамымаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алу шараларының бірі болып табалды. Нәтижесінде, қазақстандық мемлекетте, оның ішінде әскери қызметте мүдделер қақтығысының пайда болуы кӛбінесе теріс салдарға әкеп соқтырады. Бірінші кезекте әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, заңмен регламенттелген шектеулер мен тыйым салуларды бұзуы, сондай-ақ бір тараптан әскери қызметшінің жеке мүдделілігі мен оның лауазымдық ӛкілеттіктері, жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделері мен құқықтары арасында қайшылықтардың туындауы, екінші тараптан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін тудырады. Екіншіден, мүдделер қақтығысына жол беру салдарынан мемлекеттік билікті жүзеге асырудың заңды тетіктері әскери қызметші үшін немесе онымен байланысты адамдардың ортақ мүдделеріне құқықтық емес - материалдық немесе ӛзге де жеке пайдасымен алмастырылатын мемлекеттік басқарудың белгіленген тәртібі бұзылады. Үшіншіден, мүдделер қақтығысы реттелмеген жағдайда әскери қызметші немесе онымен байланысты адамдар заңда белгіленген тәртіппен әрекет ететін ӛзге азаматтар, заңды тұлғалар алдында, сондай-ақ ӛзінің қызметтік ӛкілеттіктерін жеке мүдделерінде пайдаланбайтын басқа да әскери қызметшілер алдында негізсіз артықшылықтар алады. Әскери, тұтастай алғанда мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысы болмай қоймайтынын, оны толық жою мүмкін еместігін мойындау керек, сонымен қатар жанжалды жағдайларды тиімді реттеу рәсімі арқылы шешу қажет.
Мүдделер қақтығысының теріс салдарларын азайту үшін әскери басқару органдары, жауапты лауазымды адамдар мен әскери қызметшілер оның туындау себептерін, осыған ықпал ететін жағдайларды анықтауды, қақтығыстың даму серпінін айқындауды, оның ағымын қадағалауды, шешуді басқаруды, дауға қарсы тұру деңгейін тӛмендетуді үйренуі қажет. Осы Әдістемелік ұсынымдар осы мәселелерді шешуге жәрдемдесуге арналған. 1. Әдістемелік ұсыныстардың мақсаттары мен міндеттері ҚР ҚК-де мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу жӛніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) Азаматтық кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңдарының, сондай-ақ ҚР ҚМ-нің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жӛніндегі Регламенттің 11-тармағы 2-тармақшасының негізінде әзірленген. Әдістемелік ұсынымның мақсаты ҚР ҚК мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу мәселелерінде бірыңғай кӛзқарасты қалыптастыру болып табылады. Әдістемелік ұсынымдардың міндеттері:
• мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу мәселелерінде нормативтік құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы ҚР ҚК әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын хабардар ету;
• ҚР ҚК әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы арасында мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда лауазымды адамдар қабылдайтын шаралардың тиімділігін арттыру;
• ҚР ҚК әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының жеке мүддесіне олардың лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдайға жол бермеу үшін лауазымды адамдардың құқықтық санасы мен дербес жауапкершілік деңгейін арттыру;
• ҚР ҚК мүдделер қақтығысының типтік жағдайларын және оларды реттеу тәртібін түсіндіру.

 

Дата публикации
10 августа 2020