БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарында:
4-тармақтың 34) және 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«34) мұндай қызмет резервтегі әскери қызмет барысында қызметтік жағдайды, қызметтік мүмкіндікті немесе алынған ақпаратты пайдаланумен байланысты болмаған жағдайды қоспағанда, кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда жәрдем көрсетуден аулақ болу;
35) мұндай әрекет мүдделер қайшылығы туралы заңнама нормаларын бұзбаған, сондай-ақ пайда алуға немесе шешім қабылдауға ықпал етуге байланысты жеке мақсатта пайдаланылмаған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүддесін білдіруден немесе қолдау жасаудан, сондай-ақ олардың атынан әрекет етуден аулақ болу;».
1) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов