1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және гарнизондардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияларының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) (бұдан әрі – комиссия) мәртебесін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын айқындайды және олардың қызметін регламенттейді.
2. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтары, сондай-ақ осы регламент негізінде жүзеге асырылады.
3. Комиссия алқалы-кеңесші орган болып табылады, өз жұмысын заңдылық, ашықтық, алқалылық, есеп берушілік, жариялылық негізінде жасайды және мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты, кадрларды іріктеужәне орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерді шектеу;
2) комиссиялар отырыстарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу, қаржы-шаруашылық қызметітуралы заңнаманы, қызмет этикасының нормаларын бұзуының жекелеген фактілерін қарау және кінәлі адамдарға заңнамада көзделген шаралар қолдану;
3) сыбайлас жемқорлық көріністеріпрофилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын орындаужөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
4. Комиссиялар Қорғаныс министрлігінде және гарнизондарда тағайындалады.
5. Комиссиялар құрамдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және гарнизондар бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарлары қатарынан тағайындалады.
Гарнизондар бастықтары гарнизондар комиссияларының төрағалары болып табылады.
6. Гарнизон комиссиясының төрағасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі комиссиясының төрағасына жұмыс нәтижелері туралы баяндайды.
7. Комиссияның жұмыс органы: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы, гарнизонда – қызмет көрсететін әскери полиция органы болып табылады.
8. Комиссияның қызметі комиссия төрағасы бекітетін жыл сайынғы жұмыс жоспары, сондай-ақ комиссия отырыстарында қабылданатын шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
9. Комиссия отырысқа қатысушы мүшелер қатарынан қарапайым көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
10. Комиссияның шешімі дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы жүргізетін хаттамамен ресімделеді.
2. Комиссияның міндеттері
11. Комиссияның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлықтан сақтандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және барынша азайту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойыншажүргізілетін іс-шараларды жария ету;
6) заңнамаға сәйкес өзге де шаралар қабылдауболып табылады.
3. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
12. Комиссияларөздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Қорғаныс министрлігі басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларын орындау жөнінде шаралар қабылдайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3) комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің лауазымды адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды қарайды;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған, қызмет этикасы нормаларын бұзған лауазымды адамдарды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар береді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін таратады және жинақтайды;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, қызмет этикасы нормаларын бұзу және лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы тиісті түрде орындамауы фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге бастама танытады.
13. Комиссия төрағасы:
1) комиссияның жұмысын ұйымдастырады, комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3) комиссия отырысының күн тәртібін айқындайды;
4) комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өзге де лауазымды адамдарына лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуді тапсырады;
5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзге де шараларды қабылдайды.
14. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның міндеттерінкомиссия төрағасының орынбасары атқарады.
15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің комиссиясы өз құзыреті шегінде:
1) қажеттілігіне қарай отырыстар өткізеді;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде Қорғаныс министрінің шешімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде, әскер түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;
5) отырыстарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, әскер түрлерінің бас қолбасшыларын, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшыларын, гарнизондар комиссияларының төрағаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жекелеген лауазымды адамдарын қарайды;
6) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшыларына сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында жеке құрам, оның ішінде бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нақты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, кадрлық шешімдер қабылдауды ұсынады;
7) гарнизон комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
8) жартыжылдықта бір рет Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі істердің жай-күйін талдайды.
16. Гарнизон комиссиясы өз құзыреті шегінде:
1) айына бір реттен сиретпей отырыстар өткізеді, қажет болған жағдайда көшпелі отырыстар өткізеді;
2) отырыстарда гарнизон әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) лауазымды адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген жекелеген лауазымды адамдарды қарайды;
3) гарнизондардың әскери бөлімдері мен мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттарды сақтау, мүдделердің қарама-қайшылығын болдырмау және оны шешу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардыжасауға ықпал еткен себептермен жағдайларды жою жөніндегі шараларды пысықтау мақсатында қажет болған кезде сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша процеске қатысқан Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын тыңдайды, заңды күшіне енгізілген сот үкімін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды зерделейді;
5) жоспарларға сәйкес Қарулы Күштердіңәскери қызметшілеріне, азаматтық персоналына және әскери қызметке кіретін азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуіне тестілеу өткізуді ұйымдастырады;
6) ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі істердің жай-күйін талдайды;
7) ай сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі комиссиясының төрағасына сыбайлас жемқорлықты жою бойынша пысықталған ұсыныстарымен жұмыс нәтижелері туралы баяндайды.