«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жөніндегі регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 30 маусымдағы №302 бұйрығы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жөніндегі регламент бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 бұйрығы жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.Т. Дәндібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.


Генерал-лейтенант                                                                                                   Н. Ермекбаев

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жөніндегі регламентті бекіту туралы
Дата публикации
17 июля 2020