Сатып алудың ұйымдастырушысы және тапсырушысы – Ақтөбе қ. Рысқұлов көшесі, 192 мекен жайында орналасқан ҚР ҚМ «Әскери госпиталь Ақтөбе қ.» РММ, №1 қосымша бойынша баға ұсынысын сұрату әдісімен медициналық мақсаттарға арналған бұйымдар мен шығын материалдарын сатып алуды өткізді.
Сатып алуды өткізуге жоспарланған сома 1 689 832,00 (Бір миллион алты жүз сексен тоғыз мың сегіз жүз отыз екі) тенге құрайды.
Сатып алудың көрсетілген әдісін қолдану негізі: Сатып алу, 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 10 тармағына сәйкес жүргізілді.
«Ultra medica» ЖШС, «ЭКО-ФАРМ» ЖШС және «Кофлер Эрика Эдуардовна» ЖШ үш жабдықтаушыдан баға ұсынысы келіп түсті және конверттер ашылды;
Келіп түскен баға ұсыныстарын комиссия қарап, бағаларын салыстырып, сатып алу нәтижесі бойынша келесі жабдықтаушылармен келісім-шарт жасауға шешім қабылдады:
- «Ultra Medica» ЖСШ Ақтобе қаласы, Аз-Наурыз көшесі 5, 112 б. сомасы 115 800,00 (жүз он бес мың сегіз жүз ) теңге;
- «ЭКО-ФАРМ» ЖСШ Шымкент қаласы, 18 мкр, 54 үй,12 пәтер сомасы 686 600,00 (алты жүз сексен алты мың алты алты жүз) теңге;
- «Кофлер Эрика Эдуардовна» ЖШ Актобе қаласы, Мира көшесі, №3 үй, 17 пәтер сомасы 485 415,00 (төрт жүз сексен бес мың төрт жүз он бес) теңге;
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қаулының 10 бабы 113 тармағына сәйкес, ұтып алушы болып танылған күннен бастап жабдықтаушылар тапсырушыға он күнтізбелік күн ішіндегі мерзімде тәжірибелік талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынуы қажет.
Баға ұсынысын сұрату әдісімен өткен сатып алудың жалпы 1 287 815,00 (бір миллион екі жүз сексен жеті мың сегіз жүз он бес) теңгені құрайды.
Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсімінде «Кофлер Эрика Эдуардовна» ЖШ өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелері:подполковник м/с Бердыгалиев С.А.