«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 118 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

   «1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 35032 ер азаматты 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

 

Проект
Дата публикации
14 июля 2022