Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тіркелмеген сары безгек, тырысқақ және жапон энцефалиті сияқты вакциналармен иммундау проблемасы бар.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтаждықтары үшін вакциналар сатып алуды жоспарлап отыр.
Аталғанның негізінде, қызметтің осы түріне тиісті лицензиясы бар мүдделі фармакологиялық компанияларды ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының мекенжайына жоғарыда аталған вакциналарға коммерциялық ұсыныстарды (басшының қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған, деректемелерін және 2022 жылға арналған құнын көрсете отырып, сканерленген көшірмелер) Нұр-Сұлтан қаласы мекенжайы бойынша ұсынуды сұраймыз, Орлыкөл к-сі 2/1, техникалық сипаттамасы орыс және мемлекеттік тілдерінде қоса берілген қағаз және электрондық тасығыштарда.
Қысқа мерзімді ескере отырып, көрсетілген құжаттарды 2022 жылғы 14 шілдедегі дейін ұсынуды сұраймыз.