БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:
«Аэроұтқыр әскерлерiне арналған азық үлесі» деген 5-нормада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-норма Десанттық-шабуылдау әскерлерiне арналған азық үлесі»;
«Жас ұлан» республикалық мектебi 9-11-сыныптарының оқушыларына арналған азық үлесі» деген 8-нормада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-норма «Жас ұлан» республикалық мектебi 9-11-сыныбы оқушыларына және әскери оқу орны ұландарына арналған азық үлесі»;
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
«Арнайы әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілерiне арналған азық үлесі» деген 16-нормада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-норма Әскери оқу орнының кадеттеріне арналған азық үлесі»;
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
«Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы» деген 17-нормаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
1) әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда,
оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде, бітімгершілік операцияда;
2) әскери және арнайы жүкті (әскери эшелонды) күзету, қорғау және олармен бірге жүру үшін қарауыл (команда) құрамына тағайындалған әскери қызметшілер – оларды жеткізу кезінде және осы жүкті қабылдау орнына барған және оларды тапсырғаннан кейін кері қайтқан жолда;
3) мерзімді қызмет әскери қызметшілері мен әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары – олар демалысқа, іссапарға, жаңа қызмет орнына, запасқа шығарылғандар тұрғылықты жеріне дейін жол жүргенде;
4) мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар, жиынға (тағылымдамаға) шақырылған әскери міндеттілер мен әскери даярлықтан өтетін студенттер – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру, жиыннан (тағылымдамадан) өтетін жеріне бару туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
5) әскери оқу орнына оқуға түсу үшін әскери жиынға жіберілетін мерзімді қызмет әскери қызметшілері, сондай-ақ әскерге шақырушылар оқуға қабылданғанға дейін және қабылдаудан бас тартқан жағдайда әскери оқу орнынан тұрғылықты жеріне жеткенге дейін жол жүру үшін қажетті кезеңде;
6) әскери қызметшілер – жаңарту жоспарына сәйкес айқындалған кезеңде негізгі азық үлесінің азық-түлігінен ыстық тағаммен алмастыра отырып, стационарлық жағдайда (асханада, тамақтану орнында).
«Аэроұтқыр әскерлеріне арналған жеке тамақтандыру рационы» деген
18-норма:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-норма Десанттық-шабуылдау әскерiне арналған жеке тамақтандыру рационы»;
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
1) 5-норма бойынша жабдықталатын әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде, бітімгершілік операцияда;
2) десанттық және барлау бөлімшелерінің, теңіз жаяу әскері, арнайы мақсаттағы бөлiмшелердің мерзімді қызмет әскери қызметшілері – жол жүргенде;
3) 4-норма бойынша тегін тамақтанумен қамтамасыз етілуге құқығы бар әскери қызметшілер, 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелерде тағылымдамадан (практикадан) өтетін курсанттар, сондай-ақ осы бөлімдерге, бөлімшелерге іссапарға келген әскери қызметшілер – негізгі үлес азық-түлігінен ыстық тамақ дайындау мүмкін болмағанда;
4) әскери қызметшілер – жаңарту жоспарына сәйкес айқындалған кезеңде негізгі азық үлесінің азық-түлігінен ыстық тағаммен алмастыра отырып, стационарлық жағдайда (асханада, тамақтану орнында).
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары
10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) деректемелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-лейтенант Р. Жақсылықов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________________________
20__жылғы «_____»_____________