Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағының 26-30) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:

  1. Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру департаментіне:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің осы бұйрығын мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментіне жолдау.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Генерал-лейтенант                                                        Р. Жақсылықов

Приложение
Дата публикации
15 апреля 2022